Жарнама
Жарнама

Танымал маман «Қайрат» үшін қатты алаңдаулы. Аяғы тұсаулы Громыко жоқ бұғанасы қатпаған Мата. Алматылықтарға бүгін кімнің болмағаны ауырырақ тиеді?

20.08.2025, 10:45

«Аладоп.кз» «Қайраттың» «Селтикке» қарсы кездесуінің қарсаңында белгілі бапкер Болат Есмағамбетовтің пікірін білді.

"Қайрат" футболшылары "Селтикпен" кездесу алдында жаттығуда
Жарнама
Жарнама

Сұқбат барысында танымал маман алматылық клубтың сапындағы біраз футболшыға тоқталып, өнер көрсете алмайтын ойыншылар жайлы ойын ортаға салды. 

- «Қайратта» бүгін біраз кадрлық мәселе бар. Громыко жоқ, Луиш Матаның шығуы екіталай дейді. Біздің команданың ойынына әсер ететін шығар?

- Әрине әсер етеді, әсіресе, Громыконың шыға алмайтыны қиын болып тұр ғой. «Қайраттың» алдыңғы шептегі ойынын жасап жүрген жігіт. ҚПЛ-де де, Чемпиондар Лигасында талай көмегін тигізді. Қысқаша айтқанда Громыконың орны бөлек. Алматылық клубтың негізгі орындаушысы деуге болады. Сондай-ақ, қорғаушы Луиш Мата да өнер көрсетпеуі мүмкін деп айтып жатыр. Ол да маңызды футболшы, қапталда орны ойсырайын деп тұр шықпайтын болса. Шабуылға мықты қосылмаса да, қорғаныс кезіндегі рөлі жоғары футболшы Луиш. Қазақстанның чемпионына бүгін бұл да үлкен проблема болады.

«Селтик» - «Қайрат» кездесуі бүгін 23:15-те басталады. Жауап ойын 26-тамызда Алматыда болады.    

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров