Жартылай қорғаушы Рубен Бриджиду мансабын "Каспиде" жалғастыра бермек.
31-жасар футболшы "Каспиге" 2022 жылдың жазында келіп қосылған болатын. ҚПЛ аясында ол ақтаулық ұжым үшін 9 ойын өткізіп, 2 гол салған еді.
Бриджиду үшін қазақстандық командалар тансық емес. Жартылай қорғаушы "теңізшілерден" бөлек, "Тобыл" және "Ордабасы" ұжымдарында доп тепті.
Еске салайық, ҚПЛ өткен маусымын "Каспий" 9 орынмен аяқтаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET