Жарнама
Жарнама

Танымал қазақстандық қақпашы мансабына байланысты шешім қабылдады

15.01.2023, 00:07
Жарнама
Жарнама


41 жастағы Александр Мокин бутсатсын шегеге қадайтын ойы жоқ.


Қақпашы қазір Алматыда жаттығып жүр. Ақпан күні ол ортақ топқа қосылуға дайын.


ҚПЛ өткен маусымының тең жартысында Мокин ауыр жарақат алған еді. Оның "Тобылдағы" орнын Тимур Акмурзин басты. 


Қостанайлық ұжыммен Мокин арасындағы келісім баяғыда аяқталған. 


Бұған дейін "Тобыл" Мұхаммеджан Сейсенмен хабарда болған екен. Алайда Тараздың экс-қақпашысы "Ордабасыға" ауысуды жөн көріпті. 


Соңғы жаңалықтарға сүйенсек, қостанайлықтардың қатарына белорусь елінің қақпашысы келіп қосылады екен. Футболшының аты әзірге белгісіз. 


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров