Жарнама
Жарнама

Тарас Бондаренко: «Оқжетпестегі» міндеттер нақты және оларды жүзеге асыру үшін көп жұмыс жасалуда»

25.08.2020, 19:33
«Оқжетпестің» қорғаушысы Тарас Бондаренко Көкшетау командасына ауысуы және Сербияда ойнау тәжірибесі туралы айтты.
Жарнама
Жарнама

- Тарас, сіздің трансферіңіз қазақстандық футбол қауымдастығы үшін күтпеген жағдай болды. "Оқжетпеске" ауысу туралы нұсқа қалай пайда болды?

- Олар маған қоңырау шалып, Көкшетау клубының жаттықтырушылар құрамы менің қызметіме қызығушылық танытатынын айтты. Мен «Оқжетпес» туралы білетінмін, өйткені ол ерекше, мақсаты биік клуб. Келіссөздер сәтті өтті. Директор Ерлан Ботембаев пен спорт директоры Ержан Джамбиров басқаратын «Оқжетпестің» кәсіби деңгейде жұмыс істегеніне қуаныштымын. Клубтағы міндеттер нақты және оларға жету үшін көп жұмыс жасалуда.

- Сіз "Каспий" клубында қысқа уақыт болғаныңызға қарамастан, команда көшбасшыларының бірі болдыңыз.

- Шынында, маған ол жақтан кету қиынға соқты, өйткені «Каспий» командасындағы ұжым өте жақсы қарым-қатынаста.

- Сіз Сербияда ұзақ уақыт өнер көрсеттіңіз. Жергілікті футбол туралы не айта аласыз?

- Сербия - жас футболшыларға мүмкіндік беретін ел. Егер сіз жаттығуда көп жұмыс жасасаңыз, онда сіз өзіңізге лайықты команда таба аласыз. Олар жастарды жақсы көреді және оларға мүмкіндік береді.

- Сіз ол елде қандай тілде сөйлестіңіз?

- Мен қысқа уақыт ішінде серб тілін меңгердім. Мен еркін сөйлеймін, қарым-қатынаста қиындықтар жоқ.

- Қазақстанға келмес бұрын сіз украиналық немесе сербиялық футболшылармен кеңесіп көрдіңіз бе?

- Мен Сербияда Стояновичпен ойнадым, Запорожье қаласындағы "Шахтер" клубында Ткачукпен ойнадым. ҚПЛ туралы айтатын болсам, мен бұл туралы көп естідім. Осы жерге келгенде мен бұл мықты турнир екенін, оны ойнау оңай еместігін көрдім.

- Оқжетпестегі мақсаттарыңыз қандай?

- Мақсатым - команданың чемпионатта лайықты орнын алуға көмектесу. Мұның барлық алғышарттары бар. «Оқжетпестегі» командаластарым жақсы және жылы шырайлы. Жанкүйерлердің бізді алыстан болса да қолдауы маңызды. Әрине, көрерменсіз және үйден алыс жерде ойнау оңай емес, бірақ біз жақын арада өзіміздің стадионға ораламыз деп сенеміз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров