Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Тараз» армениялық «Алашкерт» клубынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кету керек, «Алашкертті» «Атыраудың» экс-бапкері Арам Восканян жаттықтырады. Сондай-ақ команда сапында «мұнайшылардың» бұрынғы ойыншысы Дмитрий Гузь бен қазақстандық шабуылшы Алексей Родионов өнер көрсетті. Матчтағы жалғыз голды дәл сол ресейлік қорғаушы соқты. Ал Родионов алаңға екінші таймда шықты.
«Алашкерт» 2020/2021 жылғы маусымда Армения чемпионы атанған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, «Тараз» соңғы ойында сербиялық «Колубара» клубынан 0:3 есебімен ұтылған еді.
Біздің серіктес: FONBET