Жарнама
Жарнама

«Тараз» Армения құрамасының капитанымен келіссөздер жүргізуде

04.02.2021, 03:07
«Тараздың» жаңа бапкері Минасян бұл ойыншыны жақсы біледі.
Жарнама
Жарнама

Армения құрамасының және "Тамбов" клубының капитаны Вараздат Ароян "Таразбен" келісімшартқа отырады. Бұл туралы жағдайға жақын ақпарат көзі хабарлады.

28 жастағы орталық қорғаушы осы маусымда "Тамбов" сапында сегіз матч өткізді. Оның клубы 13 ұпаймен Ресей Премьер-лигасының турнирлік кестесінде соңғы орында тұр. Бұған дейін ол "Урал", армениялық "Пюник" және ирандық "Падиде" командаларында ойнаған.

Ароян Армения құрамасында 55 матч өткізді, 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде екі рет Қазақстан құрамасына қарсы ойнады. Оның ұлттық құрама сапында соққан екі голы бар. Ұлттар лигасындағы соңғы кездесулерде Ароян капитандық белгімен алаңға шықты.

Transfermarkt порталы ойыншының трансферлік құнын 800 мың еуроға бағалауда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров