Жарнама
Жарнама

«Тараз» - «Астана» матчына болжам

26.08.2022, 22:53
Чемпионаттың осы турындағы ең қызықты кездесудің бірі. Чемпиондыққа таласып жүрген «Астана» тегеурінді «Таразбен» кездеседі.
Жарнама
Жарнама

«Тараздың» жай-күйі

«Тараздың» басшылығы команданың сәтті өнер көрсетуіне бар жағдайды жасап жатыр. 16 ойында 24 ұпай жинаған «Тараз» қазір 6 орында келе жатыр. «Қайраттан» 2 ұпай ғана қалып тұр. «Тараз» 3 ұпай еншілеп, ұпайлар санын 27-ге көбейтсе турнирлік кестенің үшінші сатысына шығып кетуі де ғажап емес. Десе де, жамбылдық клубтың қарымын дұрыс бағалайық. Бауыржан Байтана кетіп қалды. Оның орнына футболшы алынған жоқ. Тек жастар және үш легионер. Соңғы турда «Тараз» «Тобылмен» сырт алаңда 2:2 ойнады.

«Астананың» жай-күйі:

«Астана» өз алаңында «Қызылжармен» ауыр ойын өткізді. Матчтың соңы валидол жегізердей өтті. Елордалықтар үш ұпайды сақтау үшін зұлымдықпен айланы сеп қылды. Шәкәрімнің өлеңіндегідей ғой, тура. Томасов капитан болып шықты, Еуженио гол салды. Бірақ, қорғаныс деген Меганың есігі таза. Кірсең өзі ашылатын есік. «Астана» сырт алаңда үш ұпай алу үшін тағы да жанын салады. Бірақ, анандай жасыл алаңда ойнау оларға қиындық тудыртады.                                         

Болжам мен бәс:

«Тараз» командасы гол салады дегенге букмекерлік кеңселер - 1,51 коэфицент беріп тұр. Өз алаңында стадион толып тұрған тұста «Тараз» қалай гол салмасын. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров