"Атырау" Қазақстан Премьер-лигасының он бірінші туры аясында "Таразбен" кездесті. Матч Атыраудағы "Мұнайшы" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.
Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 49-минутта "Атыраудың" бразилиялық легионері Алекс Бруно соқты. Ал жамбылдық ұжым лайықты қарсылық көрсете алмады. "Атырау" қақпасын небәрі бір рет қана дәл көздеді.
Кезекті рет жеңіліске ұшыраған Вардан Минасян шәкірттері 17 ұпаймен алтыншы орынға сырғыды. Ал "Атырау" 14 ұпаймен екі саты төменде тұр.
Біздің серіктес: FONBET