Жарнама
Жарнама

«Тараз» бен «Атырау» жеңімпазды анықтай алмады

03.10.2021, 23:00
Ойын барысында Урош Ненадович пен Жиан Мартинс пенальтиден гол соға алмады
Жарнама
Жарнама

"Тараз" Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында "Атыраумен" кездесті. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

Ойынның небәрі 2-минутында Алекс Джуниордың пасынан кейін Петр Гжельчак есеп ашты. Бірақ бірінші таймның соңғы минуттарында Тимур Досмағамбетов жауапты голды соқты. Ал 58-минутта "Тараз" қақпасына пенальти белгіленді. Жиан Мартинстің тепкен добын Мұхамеджан Сейсен қайтарды. Ал 61-минутта алаң иелері пенальти тебу құқығына ие болды. Бұл жолы Урош Ненадович қақпашыдан айласын асыра алмады. Кездесудің 73-минутында Петр Гжельчак дубль авторы атанды. Десе де 97-минутта Бауыржан Байтана он бір метрлік айып добынан мүлт кетпей, командасына бір ұпай сыйлады.

"Мұнайшылар" бұл ойыннан кейін 27 ұпаймен оныншы орыннан тапжылмады. 26 ұпайы бар "Тараз" бір саты төменде тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров