Жарнама
Жарнама

«Тараз» бен «Локомотив» футбол клубы арасындағы кездесу 0:1 есебімен аяқталды

14.02.2012, 04:08
Жарнама
Жарнама
 Кеше Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүрген Милош Крушчич жаттықтыратын «Тараз» Пловдив қаласының «Локомотив» командасымен жолдастық кездесу өткізді.
  Онда Любко Петрович тізгінін ұстаған болгар аяқдопшылары қазақстандықтардан 1:0 есебімен басым түсті. Тараздықтар өткен маусымда Премьер лигада 9-орын алса, Болгария чемпионатында «А» тобында өнер көрсететін пловдик ойыншылары 5-орын алған болатын. Олар бұған дейін 10-ақпанда  Сергей Масленов баптайтын Қостанайдың «Тобылымен» болған жолдастық кездесуде 0:0 боп  тарасқан болатын. Ал «Тараз» 8-ақпандағы алғашқы жолдастық кездесуінде Ташкенттің «Пахтакорымен» 0:0 есебін қанағат тұтқан еді. Енді келесі кездесуін 15-ақпанда Ягодина қаласының  «Ягодина» клубымен өткізбек. Ягодинаның 1919 жылы негізі қаланған бұл командасы Сербияның Суперлигасында  2010/2011 жылғы  маусымда 12-орын алған болатын.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров