27 жастағы болгариялық қорғаушы Милен Гамаков «Тараз» ойыншысы атанды, деп хабарлайды жамбылдық клубтың баспасөз қызметі.
Гамаков - «Черноморец Бургас» клубының түлегі. 2013 жылы «Нефтохимик Бургас» командасына маусым соңына дейін жалға беріледі. Ол өз командасымен «А» тобына жоғарылайтын жолдаманы жеңген. 2012–2013 жылғы маусым соңында «Черноморец» сапына қайта оралып, 2013–14 жылғы маусымда «Черно море Варна» командасына қарсы ойында дебют жасады.
Милен «Ботев Пловдив», «Лехия Гданьск», «Руч Хожув», «Стомил Ольштын», «Славия София» секілді командаларында да ойнаған. Соңғы маусымды литвалық «Жальгирис» командасында өткізді. Кезінде Болгария жасөспірімдер және жастар құрамасына шақыртылған.
Біздің серіктес: FONBET