Жарнама
Жарнама

«Тараз» бразилиялық шабуылшымен қоштасты

29.06.2022, 21:35
Футболшы жамбылдық клуб сапында жеті матч өткізіп, бір гол соқты.
Жарнама
Жарнама

«Тараз» 31 жастағы бразилиялық шабуылшы Жорже Элиас дос Сантосты керек қылмады.

Элиас жамбылдық клубқа осы маусымның басында қосылған еді. Бұған дейін ол литвалық «Панажевистің» намысын қорғаған.

Премьер-лиганың ағымдағы маусымында Элиас «Тараз» жейдесінде бар болғаны 7 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Дәл қазір «Тараз» 22 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында келе жатыр. Құрамында тағы төрт шетелдік ойыншы бар, олар: Денис Кавлинов, Алекс Жуниор, Лука Гадрани және Милен Гамаков.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров