Жарнама
Жарнама

«Тараз» бразилиялық шабуылшыны қатарға қосты

26.02.2022, 15:09
Футболшы Украина, Мальта, Литва чемпионаттарында өнер көрсеткен.
Жарнама
Жарнама

30 жастағы бразилиялық шабуылшы Жорже Элиас «Тараз» клубымен келісім-шарт жасасты.

Жорже Элиас дос Сантос кәсіби мансабын өз отанындағы «Риу-Клару», «Можи-Мирин», «Икаса», «Арапонгас» клубтарында бастаған. 2015 жылдың басында Австрияның екінші дивизионындағы «Капфенберг» клубына ауысқан. 2 маусымда 44 матч өткізіп, 21 гол соқты. 2015/16 жылдары 10 гол соғып, топ-10 сұрмергендер қатарына кірді. 2016/17 жылғы футбол маусымының күзгі кезеңінде 8 рет мергендігімен көзге түскен.

2017 жылдың басында украиналық «Черноморец» клубына жалға беріліп, алғашқы матчын «Карпат» командасына қарсы өткізді. Ал бірінші голын донецкілік «Шахтёра» қақпасына соқты. 

Мальталық «Хибернианс», литвалық «Паневежис» клубтарында да доп тепкен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров