«Тараз» екінші Бундеслиганың командасымен жолдастық матч өткізеді

25.01.2022, 02:14
Жамбылдық клуб үш матч өткізуді жоспарлап отыр.

«Тараз» Анталиядағы оқу-жаттығу жиынында үш жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Жамбылдық клуб ОЖЖ барысында косоволық «Ульпиана», германиялық «Падерборн» және сербиялық «Колубара» командаларымен күш сынаспақ.

Айта кетейік, «Тараз» бас бапкер қызметіне Нұркен Мазбаевты тағайындады. Одан бөлек, Бекзат Шадманов, Нұрлан Дайыров және Алекс Жуниор секілді ойыншыларды қатарға қосты.