Бір аптаға созылған демалыстан кейін Руслан Эсатов Жамбыл ұжымын қайта жинауда.
Ертеңнен бастап “Тараз” футболшылары “Тараз Арена” спорт кешені аумағында 10 күні бойы дайындығын пысықтайды. Аталған циклде команда екі жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр. Тараздағы жиын аяқталған соң, нақты тізімге еңген ойыншылар Түркияға аттанады.
Бүгінгі таңда келесі жаттығу жиындары барлығы 26 ойыншы шақырту алды. Команда құрамы өткен жылмен салыстырғанда біраз өзгеріске енді.
Еске салсақ, “Тараз” алғашқы жиынын 8 қаңтар мен 25 қаңтар аралғында өткізді. Сол аралықта Эсатов шәкірттері Шымкентте “Оңтүстік Академиясын” 1:2 жеңіп, Алматыда “Жетісумен” 0:1 есебімен жеңілді.
Біздің серіктес: FONBET