“Тараз” ФК басшысын сайлап алды

Әлімбек Жұмабаев ендігәрі “Тараз” ФК басшысы қызметін атқаратын болады.

Тағайындау директор лауазымына жарияланған үшінші кезеңнің қорытындысы бойынша жүзеге асты. 

Жамбыл облыстық футбол федерациясын 2006 жылдан бері басқарып келген басшыға өңірдің дене шынықтыру және спорт басқармасы “Тараз” ФК өркендету бойынша бірқатар тапсырмаларды мойнына жүктеді. 

Айта кетейік, бұған дейін оңтүстік ұжымды Елдос Ахметовтың ағасы Жандос Ахметов басқарып келген болатын. 

Материалда: