Тараз қаласының футбол инфрақұрылымы биыл үлкен өзгерістермен толығуда. Қаладағы спорт нысандарын жаңарту бойынша маңызды қадамдар жасалып жатыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қаланың басты стадионы жаңғыртудан өтті. Жөндеу жұмыстары аяқталып, жаңа кейіпке енген арена ертең, сағат 12:00-де ресми түрде ашылады. Бұл туралы Дидар Сыдықбек хабарлады.
Жаңартылған стадион көрермендерге қолайлы жағдай туғызады, командалардың жаттығуы мен матч өткізуіне ыңғайлы мүмкіндік береді, Тараз футболының дамуына оң ықпал етпек.
Сонымен қатар, қалада балаларға арналған жаңа футбол академиясының құрылысы басталады.
Бұл бастама жасөспірім спортшыларға сапалы дайындық ортасын қалыптастырып, өңірде дарынды балаларды жүйелі түрде тәрбиелеуге мүмкіндік береді және Тараз футболына ұзақ мерзімді перспективада қуатты буын қалыптастыруға жол ашады.
Біздің серіктес: FONBET