24 жастағы грузиялық қорғаушы Лука Гадрани «Тараз» клубымен келісім-шарт жасасты.
Лука бір маусым бойы жамбылдық клубтың намысын қорғамақ. Футболшы қажет болған жағдайда артқы жартылай қорғаушы позициясында да ойнай алады.
Лука Гадрани кәсіби мансабын грузиялық «Цхинвал» командасында бастады. 2018-2019 жылғы маусымда «Рустави» сапында ойнады. 2019 жылы ирандық «Шахин Бушер» клубымен келісім-шартқа отырды. Ал 2020 жылы латвиялық «Валмиерас» командасында доп тепті.
Гадрани Грузия жасөспірімдер және жастар құрамасына шақыртылған.
Біздің серіктес: FONBET