«Тараз» клубы балалар футболы күнімен құттықтайды!

19.06.2020, 21:45
19 маусым – Халықаралық балалар футболы күні

Барлық жасөспірімдерді Халықаралық балалар футболы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Балаларды спортқа тарту мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының бекітуімен осындай атаулы дата пайда болды. 2001 жылғы UNIC-EF Балалар қоры мен FIFA арасындағы келісімге сәйкес, бұл күн 19 маусымда аталып келеді.

Жамбыл өңірінде балалар футболын дамыту үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп, қолдау жасалуда. Толайым тірліктер атқарылып, спорттық шаралар жыл бойы жалғасып жатыр. Соның арқасында осы өңірімізден көптеген талантты футболшылар өсіп шығуда. Олардың ойындарына Қазақстан біріншіліктерінде ғана емес, шетелдің футбол лигаларында да жоғары баға береліп жатқанын көріп отырмыз. Ұлттық құраманың қатарында да жерлестеріміз жетерлік.

«Тараз» футбол клубында тәрбиеленіп жатқан балалар да республикалық, халықаралық турнирлерде жақсы нәтижелер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, балалар футболын дамыту үшін қолдау арта беретін болады.

Құрметті, жас достар!

Футболда әрбір баланың үлгі ететін сүйікті ойыншысы болады. Келешекте әлемнің балаларына кумир болатын өз елімізден таланттар шығатынына сенемін. Олар өздеріңнің араларыңда!


Құрметпен, Талғат Тұрлыбайұлы

«Тараз» Кәсіпқой футбол клубының директоры