Жарнама
Жарнама

«Тараз» клубы бас бапкерімен қош айтысты

27.12.2020, 00:13
Никитенконың клубпен келісімшарты аяқталды.
Жарнама
Жарнама

Владимир Никитенко бастаған "Тараздың" жаттықтырушылар құрамы қызметінен кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

63 жастағы қазақстандық маман "Тараздағы" жұмысын 2020 жылдың қаңтарында бастады. Оның басшылығымен клуб Премьер-лигада сегізінші орын алды. Қазақстандық маманның клубпен келісімшарты аяқталды.

Сонымен қатар, команда берілген тапсырмаларды орындай алмады. Клуб басшылығы Никитенкомен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады.

Командадан бас жаттықтырушының көмекшісі Нұрмат Мирзабаев, жаттықтырушы Ваит Талгаев, қақпашылар бапкері Мирослав Радованович және фитнес жаттықтырушысы Ерлан Елеусінов те кетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров