Жарнама
Жарнама

«Тараз» «Мақтааралды» сенімді түрде жеңді

17.07.2022, 03:58
Жамбылдық клуб алты ұпаймен өз тобында көш бастады.
Жарнама
Жарнама

«Тараз» Қазақстан кубогі топтық кезеңінің екінші турында «Мақтааралмен» кездесті. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 4:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 13-минутында жамбылдық клубтың жартылай қорғаушысы Ерсұлтан Қалдыбеков өз қақпасына гол соғып алды. Сегіз минуттан кейін Абылайхан Жұмабек жауапты голды соқты. 33-минутта Рамазан Кәрімов «Мақтааралды» алға шығарды. Бірақ жеті минуттан кейін Лука Гадрани есепті қайта теңестірді. Ал 61-минутта Әділет Кеңесбек, 74-минутта Дінмұхамед Қараман мергендігімен көзге түсті.

«Тараз» – «Мақтаарал» – 4:2

«Тараз»: Денис Кавлинов (қ) – Алекс Джуниор, Лука Гадрани, Елдос Ахметов (к), Нұрлан Дайыров, Әділет Кеңесбек – Марат Шахметов, Ерсұлтан Қалдыбеков – Бауыржан Байтана, Жакып Кожамберді, Абылайхан Жұмабек;

«Мақтаарал»: Жандар Жангалиев (қ) – Егор Потапов, Драмане Коне, Артём Розгонюк, Павел Чикида – Руслан Юденков (к), Расамбек Ахматов, Жан-Али Пайруз – Алекс Бруно, Биллал Себаихи, Рамазан Кәрімов.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров