Қызылордалық "Қайсар" Қазақстан Премьер-лигасының бірінші турында "Таразды" қабылдады. Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өткен матч 2:3 есебімен жамбылдық клубтың пайдасына аяқталды.
Ойын барысында "Қайсар" 2:0 есебімен алға шыққан болатын. 5-минутта Елдос Ахметов өз қақпасына гол соғып алса, 22-минутта Мақсат Байжанов "Қайсардың" екінші голын соқты. Араға үш минут салып "Тараз" есеп айырмасын қысқартты. Абзал Таубай бұл голды өз еншісіне жазды. 36-минутта Абылайхан Жұмабек өз мүмкіндігін жақсы пайдалана білді. Ал бірінші тайм аяқталар тұста Бауыржан Байтана көзге түсіп, командасына жеңіс сыйлады.
Жамбылдық клуб бұл жеңістен кейін турнирдік кестеде үшінші орынға көтерілді. Ал "Қайсар" соңғы орындардың біріне жайғасты.
Біздің серіктес: FONBET