Жарнама
Жарнама

«Тараз» ойыншысы «Каспийге» ауысты

03.07.2022, 01:39
Ол ақтаулық клубта 95-ші нөмірмен ойнайтын болады.
Жарнама
Жарнама

«Тараздың» 26 жастағы жартылай қорғаушысы Әлішер Сүлей «Каспийге» ауысты.

Ойыншы ҚКФЛ ресми сайтындағы «Каспийдің» өтініміне енгізілді. Ол ақтаулық клубта 95-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

Еске салайық, ағымдағы маусымда Әлішер жамбылдық клуб сапында 8 матч өткізіп, 1 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сүлей - «Тараздың» түлегі. Бұған дейін «Тобыл», «Ертіс», «Атырау», «Ордабасы» сынды клубтарда доп тепкен.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров