Жарнама
Жарнама

«Тараз» он матчқа созылған жеңіссіз сериясына нүкте қойды

05.07.2021, 03:00
Ойынның тағдырын бір ғана гол шешіп кетті.
Жарнама
Жарнама

"Тараз" Қазақстан Премьер-лигасының он тоғызыншы туры аясында "Каспиймен" кездесті. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті гол 57-минутта соғылды. "Тараздың" португалиялық футболшысы Педро Эуженио оң қапталдан асырылған пасты сәтті пайдаланып, қақпаға дәл бағыттады. Ал 86-минутта Руслан Жанысбаев тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

"Тараз" бұл ойыннан кейін 23 ұпаймен тоғызыншы орынға көтерілді. Ақтаулық клуб 24 ұпаймен бір саты жоғары тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров