«Тараздың» баспасөз қызметі он ойыншымен келісім-шарттың ұзартылғанын хабарлады.
Жамбылдық клуб өз түлектеріне сенім артуды жалғастыра бермек. Биылғы маусымда құрамды былтыр командада ойнаған жамбылдықтардан жасақтау көзделуде.
Бірнеше күн бұрын ұлттық құрама ойыншылары Бауыржан Байтана, Мұхаммеджан Сейсен, Қазақстан жастар құрамасының ойыншылары Абылайхан Жұмабек пен Дінмұхамед Қараман жаңа келісім-шартқа қол қойды.
Сондай-ақ «Тараз» Абзал Таубай, Әлішер Сүлей, Жалғас Жақсылықов, Мақсат Әмірханов, Берік Айтбаев, Әділет Кеңесбектің командада қалатынын мәлімдеді.
Біздің серіктес: FONBET