"Ордабасы" клубының қорғаушысы Тимур Досмағамбетов "Таразбен" келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Vesti.kz.
32 жастағы ойыншы көптеген командаластары сияқты қаржылық мәселелерге байланысты "Ордабасыдан" кету туралы шешім қабылдады. Көкшетау футбол мектебінің тәрбиеленушісі ағымдағы маусымды "Тараз" сапында аяқтайды деп күтілуде.
Ол бұған дейін де жамбылдық клубта өнер көрсеткен. Одан бөлек, "Оқжетпес", "Тобыл" және "Восток" командаларында доп тепкен.
Тимур ағымдағы маусымда 17 матчқа қатысып, бір гол соқты, үш нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET