Футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші турында «Атырау» «Тараздан» айласын асырды. Тараздағы Орталық стадионда өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды.
Кездесудің 42-минутында «Атыраудың» хорватиялық жартылай қорғаушысы Андрия Филипович пенальтиден гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Ал 76-минутта Амандық Нәбихановқа қызыл қағаз көрсетілді.
Қазақстан Премьер-лигасы, 4-тур
«Тараз» – «Атырау» – 0:1
«Тараз»: Мұхаммеджан Сейсен (қ) – Алекс Джуниор, Лука Гадрани, Елдос Ахметов, Нұрлан Дайыров, Мақсат Әмірханов (к) – Милен Гамаков, Абзал Таубай – Бауыржан Байтана, Жақып Қожамберді, Абылайхан Жұмабек;
«Атырау»: Арам Айрапетян (қ) (к) – Сослан Такулов, Николай Тарасов, Павел Барановский, Матеус Бисси, Амандық Нәбиханов – Тодор Петрович, Алтынбек Сапаров – Александр Соколенко, Андрия Филипович, Петр Гжельчак;
Біздің серіктес: FONBET