Жарнама
Жарнама

«Тараз» өз алаңында «Ордабасыны» минималды есеппен жеңді

10.03.2022, 22:01
Матч тағдырын қазақстандық шабуылшының соққан голы шешіп кетті.
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан чемпионатының екінші турында «Тараз» командасы «Ордабасыдан» басым түсті. Кездесу Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Матчтың 20-минутында Абылайхан Жұмабек қақпашымен жеке-дара шығып, жеңісті голды соқты.

Қазақстан Премьер-лигасы, 2-тур

«Тараз» – «Ордабасы» – 1:0

«Тараз»: Мұхаммеджан Сейсен (қ) – Алекс Джуниор, Лука Гадрани, Елдос Ахметов, Нұрлан Дайыров, Мақсат Әмірханов (к) – Марат Шахметов (Бектас Нұрдәулет 80), Абзал Таубай, Бауыржан Байтана (Ермек Қуантаев 86), Жақып Қожамберді (Дінмұхамед Қараман 67) – Абылайхан Жұмабек (Жорже Элиас 67);

«Ордабасы»: Бекхан Шайзада (қ) – Сағадат Тұрсынбай, Одилбек Абдумажидов, Карам Сұлтанов, Самат Шәмші (і) (Әділхан Добай 78)  – Александр Батищев, Виктор Брага, Эльхан Астанов, Максим Ваганов  – Серж Ньюадзи (Муроджон Халматов 87), Луис Гедеш (Батырхан Тәжібай 71);

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров