Жарнама
Жарнама

«Тараз» өз түлектерін қайта қатарға қосты

21.02.2021, 22:02
Команда төрт қазақстандық ойыншымен толықты.
Жарнама
Жарнама

Бүгін "Тараз" футбол клубы бірнеше ойыншымен келісім-шарт жасады. Олардың бәрі де жамбылдық футбол мектебінің талантты түлектері.

Команда 26 жастағы қорғаушы Әділет Кеңесбекпен келісімге келді. Ол "Тараздың" қосалқы құрамында 2013 жылдан бастап ойнаған болатын. Премьер-лигадағы алғашқы матчын 2015 жылы "Қайсар" командасына қарсы өткізді. Соңғы бір маусымнан аса мерзімде "Алтай" командасында ойнады.

Сондай-ақ команда ұлттық құраманың ойыншысы Елдос Ахметовпен толықты. Талантты тараздық футболшы кәсіби мансабын 2007 жылы бастаған болатын. Әр жылдары "Астана", "Ертіс", "Қайрат" командаларында ойнаған. Былтыр қызылордалық "Қайсар" сапына ауысып, ол клубта тек үш рет қана алаңға шықты. Қазақстан жастар және ұлттық құрама командасында ойнаған. Қазір де еліміздің бас құрамына үміткер ойыншылардың қатарында. Өз мансабында Премьер-лиганың 5 дүркін күміс жүлдегері, 2 рет жеңімпазы атанған. Қазақстан Кубогі мен Суперкубогінің иегері.

Команда қатарына қосылған тағы бір ойыншы - Құрмет Қараман. 25 жастағы қорғаушы 2013 жылы "Тараздың" жастар құрамында ойнап бастады. 2017-2018 жылдары Бірінші лигада "Екібастұз" сапында өнер көрсетті. Былтыр Екінші лига жеңімпазы атанған команданың бірі "Игілік" құрамында ойнады.

"Таразды" толықтырған төртінші ойыншы 28 жастағы жартылай қорғаушы Жақып Қожамберді. Шабуыл шебіне жан бітіруге қауқарлы футболшы команданы күшейтеді деп күтілуде. Ертеректегі футбол маусымдарында команда үшін тоқсан матч өткізген ол былтыр "Қыран" командасында ойнап, 5 кездесуде 4 голдың авторы атанды. Жалпы алғанда жамбылдық аяқдоп шеберлері команданың негізі болып қала бермек.

"Тараз" кәсіпқой футбол клубының баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров