«Тараз» қақпашысы отау құрды

13.12.2020, 18:45
Жас қақпашы биыл Қазақстан құрамасына шақырту алған еді.

"Тараз" футбол клубы мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен отау құрды.

21 жастағы қақпашы биыл "Тараз" сапында 10 матчқа қатысты. Оның алтауында қақпасына гол жібермеді. Бұл көрсеткіш бойынша Сейсен Премьер-лигадағы үздік қақпашылар ішінде екінші орынға тұрақтады. Ал оның командасы 23 ұпаймен маусымды сегізінші орында аяқтады.

Қазақстан жастар құрамасының капитаны атанған қақпашы биыл алғаш рет Қазақстан құрамасына шақырту алған болатын