Жарнама
Жарнама

«Тараз» қақпашысы жаңа келісім-шартқа қол қойды

21.12.2021, 18:24
Оған Премьер-лиганың бірнеше клубы қызығушылық танытқан болатын.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен «Таразбен» келісім-шартын ұзартты.

22 жастағы қақпашы өткен маусымда «Тараз» үшін Премьер-лигада 26 матч өткізді. Чемпионат аяқталғаннан кейін оған ҚПЛ клубтарынан бірқатар ұсыныстар түсті. Атап айтқанда, «Ақтөбе» Сейсенге қызығушылық танытты, ал өткен аптада «Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко жас қақпашымен келіссөздер жүргізді. Сейсеннің өзі де алдына үлкен мақсат қоятын клубта бағын сынап көруге қарсы болмаған, бірақ олардың ешқайсысы жамбылдық клубқа өтемақы төлегісі келмеді.

Ақпан айында 23 жасқа толатын Мұхамеджан өз клубында тағы бір маусымға қалғысы келді. Тараптар жеке келісім-шарт мәселесін талқылап, нақты мәмілеге келді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров