Жарнама
Жарнама

«Тараз» сапында африкалық легионер қаралымда жүр

12.02.2021, 01:31
Футболшы мансабының көп бөлігін Португалияда өткізді.
Жарнама
Жарнама

27 жастағы Кот-д’Ивуар елінің жартылай қорғаушысы Коджо Кассе Альфонс "Тараздың" оқу-жаттығу жиынына қатысуда, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Коджо Альфонс мансабын 2012 жылы португалиялық "Мирандела" клубында бастаған. Ол сондай-ақ "Жиль Висенте", "Оливейренсе", "Академико Визеу" және "Фейренсе" клубтарында ойнады.

2019 жылдың ақпанында ол "Арарат-Арменияға" ауысты. Екі жыл ішінде ол армениялық клуб сапында 39 матч өткізіп, 2 гол соқты. Ол Арменияның екі дүркін чемпионы, Армения Кубогі мен Суперкубогінің иегері. Жартылай қорғаушысының трансферлік құны 350 мың еуроға бағаланды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров