Жарнама
Жарнама

«Тараз» сербиялық клубқа есе жіберді

03.02.2022, 16:02
Жамбылдық клуб жауапсыз үш гол жіберіп алды.
Жарнама
Жарнама

«Тараз» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында өткізген жолдастық кездесуде сербиялық «Колубара» клубынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

«Тараз»: Мұхаммеджан Сейсен (қ) – Алекс Жуниор, Жалғас Жақсылықов, Берік Айтбаев, Мақсат Әмірханов – Бектас Нұрдәулет, Абзал Таубай, Жақып Қожамберді, Бауыржан Байтана, Дінмұхамед Қараман – Абылайхан Жұмабек.

Айта кетейік, «Колубара» Сербия чемпионатында 12-орында келе жатыр.

Естеріңізде болса, жамбылдық клуб бұған дейін екі жолдастық матч өткізген болатын. Нұркен Мазбаев шәкірттері косоволық «Ульпианадан» жеңіліп (0:1), германиялық «Падерборнның» екінші командасынан басым түсті (3:0).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров