Жарнама
Жарнама

«Тараз» сербиялық шабуылшымен толықты

26.06.2021, 17:26
Шабуылшы соңғы маусымында 18 матчқа қатысып, 7 гол соққан.
Жарнама
Жарнама

"Тараз" футбол клубы сербиялық шабуылшы Урош Ненадовичпен келісім-шартқа отырды.

Урош Ненадович 1994 жылы 28 қаңтарда Белград қаласында дүние есігін ашқан. Ол Сербияның ОФК, "Нови Сад", "Нови Пазар", "Войводина" және "Рад" секілді клубтарында ойнаған. Сондай-ақ, Ненадович армениялық "Алашкерт", "Ширак" және "Арарат-Ереван" командаларында доп тепті.

"Арарат-Ереван" сапында өткізген соңғы маусымда шабуылшы 18 матч өткізіп, 7 гол соққан. 

"Тараз" КФК баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров