Жарнама
Жарнама

«Тараз» шабуылшымен қош айтысатын секілді

30.07.2020, 18:58
Алғашқы 3 турдағы ең нәтижелі шабуылшылардың бірі еді.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Тараз» шабуылшы Нильс Цатльмен қоштасуға шешім қабылдады.

28 жастағы футболшы қазіргі уақытта Австриядағы үйінде және келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу туралы клуб басшылығына хабарлаған болатын.

Ағымдағы ҚПЛ маусымында Цатль "Тараз" сапында екі матч өткізді, бір гол соқты және бір нәтижелі паспен көзге түсті. Шабуылшы Премьер-Лиганың үшінші турына қатыспады, өйткені ол Қазақстанға ұшып келе алмады.

"Таразға" дейін Цатль Кипрде «Докса» клубында ойнады, ал оған дейін бірқатар австриялық клубтардың намысын қорғаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров