Жарнама
Жарнама

Тараз-Шахтер. Баспасөз мәслихаты

10.11.2013, 05:25
Жарнама
Жарнама
2013-жылғы Футболдан Қазақстан кубогының финалына жолдама алған қос команданың бас бапкерлері ойын алдында баспасөз мәслихатын өткізді. Онда ең алдымен қарағандылық «Шахтер» командасының бас бапкері Виктор Кумыков сөз алды. Білікті маман ең алдымен финал алдында өз ойыншыларының өте жақсы дайындықтан өткендіктерін айта кетті. -         Менің командамның бірнеше ойыншылары сырт алаңда АЗ Алкмаар командасына қарсы өткен кездесуге қатыспады. Өйткені, осы финалдық ойынның өте маңызды екендігін жасыра алмаймын. Себебі, биылғы біріншілік қорытындысы бойынша біздің келер маусымда еурокубоктарда өнер көрсетуіміз үшін тек осы кубокты жеңуіміз керек. Үстіміздегі жылы еурододаларға көп қатысқан негізгі ойыншылар финалда толықтай алаңға шығып, өздерінің мықты ұжым екендіктерін дәлелдеуі тиіс. Кезінде Қазақстан құрамасының бас бапкері болып өте тамаша жетістікке жеткен Арно Пайперс қазір жаттықтыратын «Тараз» командасының аяқ алысы жаман емес екендігін тілге тиек етті. -         Бізге команда алдына біріншіліктің екінші жартысынан соң, яғни мен бапкер болып келген кезде басты мақсат ретінде басшылар Қазақстан кубогын жеңу керек деген еді. Біз сол мақсаттың жартысын орындадық. Финалға жолдама алдық. Енді қалған жұмыс осы кездесуде атқарылмақ. «Тараз» еліміздегі атақ-абройы бар «Қайрат» секілді команданың қатарынан. Бұл өлкеде талантты жастар өте көп. Тараз тарихында бірінші рет Еуропа лигасында ойнасы мен ол үшін бақытты болар едім. Қос бапкер ойынға қандай тактика ұстанбақ деген ортақ сауалымызға мамандар былай жауап қатты. Виктор КУМЫКОВ «Шахтер» командасының бас бапкері -         Аса қатты тактика қолданып, әуреленудің қажеті шамалы. «Шахтер» биыл еурододаларда ойнаған, көрсеткен ойынын ұсынатын болады. Дей тұрғанымен Хижниченко, Порываев секілді бірнеше футболшыларымызда аздаған жарақаттар бар. Дегенмен, кубокты ұту үшін қорғанамыз, шабуылдаймыз, қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Арно ПАЙПЕРС «ТАРАЗ» клмандасының бас бапкері «Шахтердің» менің отандастарым «АЗ Алкмар» командасына қарсы өткізген ойынын тамашаладым. Команданы көріп жүрмін, шамасының да қаншалықты екені маған бес баусақтый белгілі. «Тараз» бұл ойында басты рөлді қорғанысқа қояды. Ақтөбені де солай қтқанбыз. Ендігі кезекте «Шахтер»!
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров