Жарнама
Жарнама

«Тараз» соңғы турда «Қайсарға» есе жіберді

30.10.2021, 20:53
Жамбылдықтар бұл маусымды оныншы орынмен аяқтады.
Жарнама
Жарнама

"Тараз" Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында "Қайсармен" күш сынасты. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 1:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 56-минутында "Тараз" қақпасына пенальти белгіленді. Нүктеге келген "Қайсар" капитаны Думан Нәрзілдаев мүлт кетпеді. Төрт минуттан кейін Елжас Алтынбеков есепті еселеді. Ал 88-минутта "Тараз" қорғаушысы Тимур Досмағамбетов алыстан тамаша соққы жасап көзге түсті.

26 ойында 29 ұпай жинаған жамбылдықтар маусымды оныншы орынмен аяқтады. 19 ұпайы бар "Қайсар" он үшінші орынға тұрақтап, Бірінші лигаға аттанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров