Испаниялық шабуылшы Хефтенің сәтсіз трансферінен кейін «Тараз» басшылығы бар назарын «Спартак» Суботица клубының шабуылшысы Миле Савковичке аударды.
Жамбылдық клуб 29 жастағы сербиялық шабуылшымен қазірдің өзінде келіссөздер жүргізіп жатыр, бірақ «Спартак» чемпионаттың ең маңызды кезеңінде негізгі ойыншысымен қоштасқысы келмейді. Шешімді олар «Партизанмен» өтетін матчтан кейін қабылдайды, яғни Савковичтің Қазақстанға кететін-кетпейтіні осы кездесудің нәтижесіне байланысты болады.
Миле өз Отанынан тыс жерлерде өнер көрсеткен: 2018 жылдан 2020 жылға дейін ол польшалық "Ягелонияның" намысын қорғады.
Біздің серіктес: FONBET