«Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының үшінші турында «Таразбен» тең ойнады. Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Айта кетерлігі, матчтағы барлық голдар үзілістен кейін соғылды. «Қайрат» 59-минутта Хосе Кантенің арқасында есепте алға шыққан еді. Бірақ 68-минутта Дінмұхамед Қараманның жауапты голды соғып, командасына бір ұпай сыйлады.
Қазақстан Премьер-лигасы, 3-тур
«Қайрат» – «Тараз» – 1:1
«Қайрат»: Данил Устименко (қ) – Гүлжігіт Алықұлов, Арсен Буранчиев, Виктор Васин, Дамир Қасаболат, Еркебұлан Сейдахмет – Яцек Гуральский (к), Рикарду Алвеш – Жасурбек Жалолиддинов (Артур Шушеначев 46), Жоао Пауло, Хосе Канте (Вячеслав Швырёв 68);
«Тараз»: Мұхаммеджан Сейсен (қ) – Алекс Джуниор, Лука Гадрани, Елдос Ахметов, Нұрлан Дайыров, Мақсат Әмірханов (к) – Марат Шахметов (Ерсұлтан Қалдыбеков 77), Милен Гамаков, Бауыржан Байтана, Жақып Кожамберді (Дінмұхамед Қараман 46) – Абылайхан Жұмабек (Жорже Элиас 77).
Біздің серіктес: FONBET