Жарнама
Жарнама

«Тараз» «Тобыл» жастарын ірі есеппен ұтты

10.07.2022, 03:56
Бұл матчқа «Тобылдың» қосалқы командасы келген болатын.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан кубогі топтық кезеңінің бірінші турында «Тараз» бен «Тобыл» үш ұпайды сарапқа салды. Матч Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 6:1 есебімен аяқталды.

Жамбылдық клуб сапында Дінмұхамед Қараман, Ермек Қуантаев, Алекс Джуниор, Лука Гадрани, Марат Шахметов, Бауыржан Байтана көзге түссе, «Тобылдың» жалғыз голын Нұралы Жақсылықов соқты.

«Тараз» – «Тобыл» – 6:1

«Тараз»: Мұхаммеджан Сейсен (қ) – Алекс Джуниор, Жалғас Жақсылықов, Лука Гадрани, Берік Айтбаев (к), Ермек Қуантаев – Бектас Нұрдәулет, Ерсұлтан Қалдыбеков – Еркебұлан Тойбеков, Дінмұхамед Қараман, Абылайхан Жұмабек;

«Тобыл»: Владимир Шпаковский (қ) – Марат Алпысбаев, Арман Тұңғышбаев, Дмитрий Панов, Александр Крыца, Евгений Кочетков – Бекзат Жапаров, Нұрбек Байжанов, Нұралы Жақсылықов – Бекзат Ермекбаев (к), Диас Нұрканов;

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров