Жарнама
Жарнама

«Тараз» «Тобылмен» қайта ойнағысы келмейді

29.09.2012, 01:59
Жарнама
Жарнама

Футболдан Қазақстан чемпионатының 23-туры аясындағы «Тобыл» – «Тараз» кездесуінің төрешілік дауы әлі біразға жалғасатын сыңайы бар.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда өт­кен аталмыш кездесуде қонақтар пе­наль­тиден соғылған жалғыз голдың арқасында 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Бірақ сол матчта қызмет еткен бас төреші Сергей Пась­коның шешімдерін бұрыс деп тапқан Қа­зақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитеті «ойынды қайта өткізу ке­рек» деп шешкен. Тіпті қайта өтетін кез­де­судің уақытын да анықтап қойып, 24 қыр­күйекке қалдырған. Сергей Паськоны ҚФФ аясындағы ойындардан мәңгілікке аластатып, қапталдағы төреші Сергей Васютинді осы маусымның соңына дейін алаңға жақындамау туралы шешім шы­ғар­ған. Артынан ҚФФ Төрешілер кор­пу­сының бас­шысы Александр Мазманьян бар жа­уапкершілікті өз мойнымен көте­ре­тіндігін айтып, қызметінен кетті. Өзінің бұл ше­ші­мін Александр Николаевич былай деп түсіндіреді: – Мен Қазақстан футбол федера­ция­сы­ның төрешілер корпусын үш жылдай бас­қардым. Осы аралықта төрешілердің жұ­мыстары әрдайым жақсарып отырды. Фут­бол мамандары тарапынан да матч­тағы төрешілікке байланысты нараз­ы­лық­тар болған жоқ. Бірақ «Тобыл» – «Тараз» кез­десуіндегі Сергей Паськоның төрешілігі біздің бүкіл еңбегімізді далаға кетірді. Оның үстіне, төрешінің шешімдері матч тағ­дырын ғана шешіп қоймай, чем­пио­нат­тың соңында турнир кестесіне де өзгерістер ен­гізіп жіберді. Енді мен төрешілер кор­пу­сына жауапты адам ретінде өз қызметімнен ке­туім керек. Моральдық тұрғыдан ал­ған­да, әлгіндей келеңсіздіктерден кейін өз ор­нымда қалуға құқығым жоқ. Қазақстан фут­болындағы жемқорлықпен күрес жүр­гізіп отырған, ел футболын биіктерге жете­леп жүрген федерация басшыларын жа­манатты қылғым келмейді. Бірақ Мазманьянның «отставкаға» ке­туімен мәселе біте қойған жоқ. Тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен келіспеген «Тараз» футбол клубының басшылығы Қа­зақстан футбол федерациясына шағым тү­сіреді. Онда «тараздықтар» өтіп кеткен матчты қайта ойнауға келіспейтіндіктерін білдіріп, шешімді қайта қарап көруді сұ­раған. Енді осыған байланысты қазан айы­ның 3-інде ҚФФ-тың Астанадағы кең­се­сінде федерацияның Апелляциялық ко­митеті мәжіліс өткізіп, даулы мәселені қай­та талқылайды. «Тобыл» – «Тараз» кездесуі қайта өт­кізілсін» деген шешім шыққанға ма, Ал­матының «Қайраты» да өздерінің бір ойы­нын қайта ойнауды талап етіп, ҚФФ пре­зиденті Әділбек Жақсыбековтің атына ашықхат жолдады. Онда «Қайрат» футбол клу­бы» ЖШС-ның бас директоры Мәлік Кө­шалиев 23 тамызда өткен премьер-лиганың 20-туры аясындағы «Жетісу» (Тал­дықорған) – «Қайрат» (Алматы) мат­чындағы төрешілік те «Тобыл» – «Тараз» кез­десуіндегі жағдайға ұқсас екенін жазған. Қазақстан футбол федерациясы бұл хатқа әлі жауап қайтарған жоқ. Міне, ел футболынан осындай дау шық­ты. Қашанға дейін созылып, қалай аяқ­талар екен? Тек арты жақсы болып, ҚФФ әділ шешім қабылдайды деп ой­лай­мыз.

Автор: Әзиз ЖҰМАДІЛ Алаш айнасы
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров