Жарнама
Жарнама

«Тараз» украиналық шабуылшыны қатарына қосты

20.07.2022, 22:18
Футболшы командадан кеткен Жорже Элиасты алмастырмақ.
Жарнама
Жарнама

«Тараз» 29 жастағы украиналық шабуылшы Максим Дегтярёвпен келісім-шарт жасасқанын хабарлады.

Дегтярёв 1993 жылы 30 мамырда Украинаның Кировск қаласында дұниеге келген.

Шабуылшы кәсіби мансабын 2011 жылы украиналық «Сталь» командасында бастаған. Алғашқы матчы «Львов» клубы қарсы өтіп, онда өзінің дебюттік голын соққан. «Металлург», «Авангард», «Полтава», «Олимпик» секілді командаларда доп тепкен. Соңғы 3 маусымды «Десна» сапында өткізді.

«Тараз» клубы бұған дейін қазақстандық қорғаушы Қуаныш Қалмұратовты да өз қатарына қосқан болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров