Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында "Жетісу" мен "Тараз" үш ұпайды сарапқа салды. Матч Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Кездесудің 67-минутында "Тараз" шабуылшысы Ненад Адамович баспен гол соғып, командасын алға шығарды. Бірақ ойынның аяқталуына төрт минут қалғанда Дияс Қалыбаев есепті теңестіріп кетті. Ал 93-минутта Тимур Досмағамбетов жеңісті голды соғып, командасына үш ұпай сыйлады.
Бұл ойыннан кейін талдықорғандық ұжым 12 ұпаймен ең соңғы орында қалды. "Тараз" 29 ұпаймен тоғызыншы орынға көтерілді.
Біздің серіктес: FONBET