- Жамбылдық футболшылар үшін жаңа оқу-жаттығу базасы құрылуда, деп хабарлады «Тараз» ФК.
Жамбыл футбол клубының президенті Андрей Савченконың айтуынша, өз кадрларын дайындау және тиімді тәрбиелеу үшін тиісті инфрақұрылым қажет.
«Тараздың «Жастар» стадионында орналасатын жаңа оқу-жаттығу базасында қазіргі заманғы ойын алаңы мен жасанды жабындысы бар екі шағын футбол алаңқайы болады», - дейді А.Савченко.
Сонымен қатар, мұнда 1300 көрермен орны бар трибуналар, дәмхана, ойыншылар мен команда персоналы тұратын қонақ үй бөлмелері, конференц-зал, шешіну, жуыну бөлмелері, монша және т.б. жоспарланған.
Клуб басшылығы ойыншыларға Қазақстан премьер лигасының екінші алтылығында аянбай күресуді тапсырды.
"Тараз" клубының бюджеті 619 млн. теңгені құрап отыр. " Бұл көрсеткіш бойынша біз "Востоктың" ғана алдындамыз. Алайда бюджеттері миллиарддан асатын кейбір клубтар турнир кестесінде бізден кейін келеді " деді сөз соңында Савченко.
Автор: Галина СкрипникБіздің серіктес: FONBET