Жарнама
Жарнама

«Таразды» армениялық бапкер жаттықтырмақ

24.01.2021, 01:54
Бұл бапкер бұған дейін Қазақстанда жұмыс істеген.
Жарнама
Жарнама

Армениялық маман Вардан Минасян жақын күндері "Тараздың" бас бапкері болып тағайындалады, деп хабарлайды Vesti.kz. Клуб басшылығымен келіссөздер сәтті өтті.

"Тараз" тәлімгер ретінде ресейлік Дмитрий Кириченко, молдовиялық Адриан Сосновский және қазақстандық Константин Горовенко сынды мамандарды қарастырған болатын.

Минасян бұған дейін ҚПЛ-де жұмыс істеген, 2014-2015 жылдары "Тобылды" жаттықтырған. Ол сондай-ақ Армения құрамасы мен армениялық "Пюник" және "Арарат-Армения" клубтарын баптады.

Естеріңізге сала кетейік, "Тараз" қазір Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Команданы қазақстандық маман Сергей Тагиев жаттықтыруда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров