Бізге келіп жеткен инсайдтық ақпарат бойынша, «Тараз» футбол клубы бас бапкерлігіне екі үміткерді қарастыруда.
Сенімді дереккөздің мәліметіне сәйкес, жамбылдық ұжым 2026-жылғы маусымда тізгінді Руслан Есатов немесе Ерлан Шойтымовтың біріне ұстатуды жоспарлауда. Дәл қазір осы мәселе бойынша соңғы келіссөздер жүріп жатқан ұқсайды.
Руслан Есатов бапкерлік мансабында «Мақтаарал», «Тараз-Қаратау» секілді клубтарды жаттықтырған. Соңғы жұмыс орны ақтаулық «Каспий». 40 жастағы маман сондай-ақ, 2022-23жылдары атакенттік командада Андрей Ферапонтовтың көмекшісі қызметін де атқарып келгенін қоса кету керек.
Ерлан Шойтымов болса «Байқоңыр», «Қайсар», «Яссы» және «Жетісай» командаларын жаттықтырған болатын. 45 жастағы бапкер ҚПЛ-де негізінен көмекші ретіндегі жұмысымен есте қалды. Ал бас бапкер болып «Жетісаймен» жұмыс істеген. «Тараз» былтыр 1 лиганы 35 ұпаймен сегізінші орында аяқтаған еді.
Біздің серіктес: FONBET