Жарнама
Жарнама

Тараздық футболшы мансабын Талдықорғанда жалғастырады

29.12.2025, 18:46

"Жетісу" командасы қысқы ауысым кезеңіндегі екінші трансферін жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын команда құрамын 24 жасар шабуылшы Абылайхан Жұмабекпен толықытыратын болды.

Ұлттық құрама ойыншысы Абылайхан өткен маусымда Шымкенттік Ордабасының 10-шы номерінде доп тепкен болатын.

Ол бұған дейін де, нақтырақ айтсақ 2024 жылы “Жетісу” жейдесін киген болатын және 19 матчқа қатысып, 1 гол соққан.

Мансабын “Таразда” бастаған ол “Жетісу”, “Ордабасыдан” бөлек “Тұран”, “Ақтөбе” командаларының да намысын қорғаған.

Айта кетейік, "Жетісу" футбол клубы Қазақстан Премьер лигасының жаңа маусымына дайындықтың алғашқы кезеңін аяқтағанын хабарлаған болатын.

Еске салсақ, өткен маусым қорытындысы бойынша "Жетісу” Премьер лигада 12-орынға тұрақтаған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров