Жарнама
Жарнама

«Тараздың» алаңнан тыс жеңісі

16.01.2021, 00:38
2020 жылы елімізде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы кеңінен атап өтілді. Әлем жұртшылығы шығармашылығына биік бағасын берген абыз ақынға арнап көптеген іс-шаралар атқарылды.
Жарнама
Жарнама

Соның бірінде «Тараз» клубы жеңімпаз атанып отыр. Абай шығармашылығын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан байқауға клуб қызметкерлері мен тәрбиеленушілерінің, сонымен қатар облыстағы барлық спорт ұжымдарының қатысуына рұқсат берілді.

Ақынның өлеңдерін оқып, оны бейне ролик қылып жазған команданың жастар құрамындағы ойыншылар Нұрдәулет Қожамұратов пен Абдулла Ермек байқауда үздік атанды. Байқау жеңімпазы атанған «Тараз» КФК ұжымына арнайы кубок пен диплом табысталды.

-Ұлы ақынымыз Абай шығармашылығы елімізде ғана емес, әлемде де үлкен танымалдылыққа ие болып жатыр. Оның философиялық мәндегі ой-тұжырымдарын әлі де болса толық түсініп, ұғына алмай жатырмыз деп ойлаймын. Ұлтымыздың нағыз абызы Абай шығармашылығын дәріптеуде баршамыз аянбай еңбек етуіміз тиіс, - дейді жеңімпаз жастар.

Қазылар алқасының құрамы клуб өкілдерінің бұл байқаудағы өнерін шынайы жоғары бағалап, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығы тарапынан ризашылығын білдірді.


«Тараз» КФК баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров