Жамбыл футболының түлегі, 41 жастағы маман Руслан Эсатов туған өлкесінің бас командасына бас бапкер болып тағайындалды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Эсатовтың футболшылық та, жаттықтырушылық та жолы осы өңірмен тығыз байланысты.
Ойыншыдан бапкерге дейінгі жол
Руслан Эсатов 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Кәсіби футболшы ретіндегі мансабын туған клубы "Таразда” бастап, кейіннен “Жамбыл”, “Горняк”, "Лашын”, “Асбест”, "Каспий", "Қайсар", "Жетісу”, "Атырау" және “Мақтаарал” ұжымдарында өнер көрсетті.
2019 жылдан бастап жаттықтырушылыққа бет бұрған ол, қысқа уақыт ішінде өзін білікті маман ретінде танытып үлгерді.
Ол "Тараз-Қаратау", "Мақтаарал” және "Каспий" командаларын баптаған.
Әсіресе, 2025 жылғы маусым Эсатов үшін жемісті болды, оның бастамасымен ақтаулық "Каспий” Бірінші лигада топ жарып, ҚПЛ-ге жолдама алды.
Өткен маусымдағы жетістігінен кейін Руслан Эсатовқа "Таразды" қайта өрлету миссиясы жүктелмек. Бірінші лигадағы жеңісті тәжірибесі бар маманның келуі команданың амбициясын арттыра түспек.
Біздің серіктес: FONBET