Жарнама
Жарнама

Таразы басын «Тараз» басты

05.10.2012, 08:42
Жарнама
Жарнама

Ел біріншілігінің аяқталуына бар бол­ғаны үш тур қалды. Келесі ойындар бүгін өтеді. Өз тарапымыздан қосарымыз, ел фут­болында әлгіндей жағдайлар қайта­ланбасын дейміз. Алаң жиегінде емес, спорттық принциппен келген жеңіске не жетсін?!
Одан кейін ел кубогы өтіп, жартылай финалға жолдама алған командалар анықталса да, кейбір жанкүйерлер үшін футболдан Қазақстан чемпионаты «Тобыл» – «Тараз» кездесуімен тоқтап қалғандай көрінетіні жасырын емес. Естеріңізде шығар, премьер-лиганың 23-туры аясында өткен аталмыш кездесуден кейін елімізде бұрын-соңды болмаған шу шыққан еді ғой. Қазақстан футбол федерациясы бұл ойынды «алдын-ала ойластырылған» деп тауып, матчты қайта өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Оған «Тараз» тарапы қарсы болып, федерацияға қайта арыз жазғанын да жақсы білесіздер. Сонымен, жанкүйер біткеннің басты тақырыбына айналған бұл мәселеге кеше нүкте қойылды. Үтір емес деп үміттенеміз.
Иә, әп-әдемі аяқталып келе жатқан чем­пионаттың шырқы бір-ақ ойынмен бұзылды. Жеңілген команданың бас бап­кері қарап тұрсын ба? Матч соңындағы баспасөз мәслихатында-ақ төрешілерге шүйлікті. – Бізді басынғандары ғой, бүйтіп команданы өлтірулері дұрыс па? Осындай жағдай қатарынан екінші ойында қайта­ланып жатыр. Мен УЕФА өкілдерімен сөйлестім. Ойынның бейнетаспасын тиісті жерлерге жіберем. Мен мұны жай қоя сал­маймын, – деп ашынды Вячеслав Гроз­ный. Иә, Грозный жеткізіп айтқан сияқты. Сең бірден қозғалды. Ал сонда кінәлі кім? Расымен де, ойын алдын ала шешіліп қой­ған ба? Ел аузында айтылып жүрген, «кездесуді қонақтардың пайдасына шешу үшін бас төрешіге 60 мың АҚШ доллары ұсынылды» деген сыбыстар шынымен де рас па? Бұл сұрақтың жауабын тек бір Алла мен сол кездесуде төрелік еткен Сергей Паськоға ғана белгілі екені анық. Әлбетте, ел футболының игілігі үшін талай жыл тер төккен Паськоның қаралығына сенгіміз келмейді. Алайда «арам ақша» үшін ойын тағдырын шешіп жіберген болса, оны тө­реші көп алдында мойындай қоймасы тағы белгілі. Қайткен күнде де Пасько өз жазасын алды. Ол енді ешқашан Қазақстан футболында төрешілік ете алмайды. Ал «Тобыл» мен «Тараздың» жағдайы не болмақ? Осыған байланысты Қазақстан футбол федерациясында бұған дейін екі жиын өтті. Біріншісінде Төрешілік-сараптамалық комиссиясы Сергей Пасько мен оның қапталдағы көмекшісі Сергей Васютиннің бұрыс шешімдерін тізіп берсе, екіншісінде Тәртіптік-бақылау комитеті Паськоны мәңгілікке, Васютинді маусым соңына дейін алаңнан аластатты. Одан бөлек, ойынды қайта өткізу туралы ұйға­рым қабылданып, матч 24 қазанда Қос­танайда қайта өтетін болды.   Бұл ешкім күтпеген шешім еді. Бұрын-соңды Қазақстанда төрешілердің қателі­гінен кейін матч қайта ойнатылмаған. Иә, осылайша бұл оңды шешім болды. Әлбетте, Тобыл үшін. Ал мұнымен келіс­пеген «Тараз» футбол клубының басшы­лығы барынша шырылдады. Тіпті егер шешім өзгермесе, чемпионатқа қатысудан бас тартатындығын да алға тартты. Сөйтіп, ҚФФ-тың Аппелляциялық комитетіне шағымданып, дұрыстығын дәлелдейтін жаңа дерек-материалдарды ұсынды. Кеше осыған байланысты Астанада тағы бір алқалы жиын өтті. Күндізгі сағат 15:00-де басталған Аппелляциялық коми­теттің мүшелері ұзақ сараптамадан кейін «Тараздың» туралығын растап, «матч қайта ойналмайды. Бірінші кездесудің нәти­жесі сақталады» деген шешім шығар­ды. Әділдік енді орнады ма? Оны уақыт көрсетер.  Аппелляциялық комитеттің төр­ағасы Талғат Балашев бұл қорытын­дыны былай түсін­дірді: – «Тобыл» футбол клубы наразылық шағымын дұрыс бермеді. Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік рег­ла­ментінің «145»-бабына сәйкес, протест­тің берілуі матч хаттамасында көр­сетілуі керек еді. Сондай-ақ бұл жайында кездесу инс­пекторы, бас төреші және қарсылас ко­манда хабардар болуы тиіс. Бұл қателікті «Тараз» футбол клубының өкілдері де өз арыздарында көрсетті. Міне, осы жағ­дайды назарымызға алып, шағымның дұ­рыс берілмегені айқын болғандықтан, Тәртіптік-бақылау комитеті шығарған ұй­ғарымның күшін жойдық. Сонымен, Аппелляциялық комитеттің арқасында турнир кестесінде де қайта тәртіп орнады. «Тараз» 41 ұпаймен 4-ор­нын сақтап қалса, «Тобыл» 42 ұпай­мен бір сатыға жоғары тұр. Ал көш ба­сында 47 ұпаймен Қарағандының «Шах­тері» келеді. Ел біріншілігінің аяқталуына бар бол­ғаны үш тур қалды. Келесі ойындар бүгін өтеді. Өз тарапымыздан қосарымыз, ел фут­болында әлгіндей жағдайлар қайта­ланбасын дейміз. Алаң жиегінде емес, спорттық принциппен келген жеңіске не жетсін?! Шын мықтыға тұсау жоқтығы ежелден дәлелденген аксиома. Ендеше, командаларымыз сырт күштің емес, өз шеберлігімен мықтылықтарын мойын­датады деп сенеміз.   24-тур ойындары: 4 қазан (бейсенбі) Қайрат – Шахтер Ақжайық – Ертіс Ордабасы – Тобыл Тараз – Оқжетпес Жетісу – Атырау Ақтөбе – Астана Қайсар – Сұңқар   Әзиз ЖҰМАДІЛ алашарена
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров